+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына толықтырулар енгізіледі

2021 жылғы 14 сәуір 12:08
Бөлісіңіз:
Біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына толықтырулар енгізіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану арқылы тұрғын үй жағдайын жақсартудың 5 бағытын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда ерікті жастар мұқтаж отбасына үй салып берді Нұр-Сұлтанда үлескерлердің ақшасын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс ұйымдарының тізімі жасалды Қаражалда кезекте тұрған 200-ден астам тұрғынға баспана беріледі

«Қағидаларға сәйкес азаматтардың зейнетақы жинақтарын пайдаланудың 5 мақсаты көзделген:

- тұрғын үй сатып алу кезінде сатып алу-сату, жекешелендіру, айырбастау, бөліп-бөліп төлеу шарттары бойынша, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша, сондай-ақ жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда, жеке тұрғын үй салу үшін толық есептесу;

- ипотекалық қарыз алуға бастапқы жарна ретінде, тұрғын үй сатып алуға, берешекті өтеуге, ипотеканы банктер арқылы қайта қаржыландыруға;

- тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша жер учаскесін сатып ала отырып, тұрғын үй сатып алуға немесе жеке тұрғын үй салуға арналған ипотека бойынша берешекті алу, қайта қаржыландыру, өтеу үшін;

- ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде тұрғын үй сатып алу және осындай қаржыландыру бойынша берешекті өтеу үшін;

- тұрғын үй құрылысы бағдарламалары мен дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде берілген сатып алу құқығымен тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша берешекті өтеу үшін», - деген министрлік өкілі тұрғындардың ұсынысы бойынша осы қағидатты жетілдіру жұмыстары басталғанын айтты.

«Бүгінгі күні Министрлік тетіктің іске асырылуын және келіп түскен өтініштерді талдау қорытындылары бойынша Қағидаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жоба дайындады. Жоба барлық мүдделі органдармен және аккредиттелген ұйымдармен келісілгеннен кейін белгіленген тәртіппен қабылданады», - деді Қайырбек Өскенбаев.

Оның айтуынша, қазіргі таңда 76 ауданда 2 855 тұрғын үйге қажеттілік бар. Яғни олардың құрылысын субсидиялау үшін республикалық бюджеттен 14,3 млрд.теңге бөлу қажет.

Осы шарада вице-министр баспана кезегіндегілердің тұрғын үй жалдау шығыны қалай субсидияланатынын түсіндірген болатын.

Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, бұдан былай баспана кезегінде базаға қайта енгізуге жол берілмейді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT