Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинағының әйелдер үшін белгіленген шекті сомасын атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану бойынша әйелдер үшін зейнетақы жинағының белгіленген шекті сомасын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мәселен, БЖЗҚ 30 жастағы ер адамның шекті жасын 6 млн 695 мың теңге деп белгілеп отыр. Бұл дегеніңіз оның 63 жасқа дейін тағы 33 жыл жұмыс істесе, ары қарай тағы 17 жыл бойы зейнетақы жинағынан елдегі минималды зейнетақының мөлшерінен көбірек төлем ала алатынын білдіреді. Елдегі минималды зейнетақының мөлшері қазіргі таңда 38 636 теңге», - деді Біржан Нұрымбетов Парламент Сенатында өткен дөңгелек үстелде.

Министрдің айтуына қарағанда, бұл ретте әйелдердің шекті жасы жоғарырақ.

«Мұның себебі – әйелдердің ерлерге қарағанда өмір сүру ұзақтығы 5 жылдан 22 жылға дейін артық болуында. Зейнет жасына дейін ақша жинап, ары тағы 22 жыл өмір сүру үшін үлкен сома керек. Сол себепті, 30 жастағы ер адамға 6,7 млн теңге десек, әйелдер үшін шекті сомасы – 9,6 млн теңге», - деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Үкімет азаматтардың зейнетақы жинағын пайдалану мүмкіндігі бойынша Президентке ұсыныс бергенін хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар