Біржан Нұрымбетов еңбекақы бойынша ең көп берешегі бар үш өңірді атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Үкімет отырысында ел азаматтарының еңбек құқығын қорғау бағытында қандай шаралар қабылдағанын баян етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда ресми статистика бойынша еліміздегі жұмыс істеп тұрған 324 мың кәсіпорында 6 миллион 650 мыңнан астам жұмыскер еңбек етуде. Олардың жалақысы былтырғы жылмен салыстырғанда орта есеппен 6,9 пайызға өсіп отыр. Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің 2019 жылының қорытындысы бойынша еңбек нарығы тиімділігі рейтингісінде Қазақстан 30-шы орыннан 25-ші орынға көтерілді», - деді Біржан Нұрымбетов Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, еңбек қатынастарына қатысты мәселелер кезең-кезеңімен оң шешімін табуда.

«Біріншісі – еңбекақының уақытында төлену мәселесі. Бүгінгі күні еңбекақы бойынша жалпы берешегі 724 млн теңгені құрап отыр. Ол жыл басынан бері 49 пайызға немесе 696 млн теңгеге азайды. Дегенмен оның ішінде өңірлер бөлінісінде ең үлкен берешек Маңғыстау, ШҚО және Алматы облыстарына тиесілі», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар