Біржан Нұрымбетов: Ауыл кәсіпкерлеріне кепілсіз несие беру тетігін енгіземіз

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауыл кәсіпкерлеріне кепілсіз несие беру тетігі енгізіледі. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз ұзақ мерзімді әсері болатын шараларды да дайындап жатырмыз. Ол «Еңбек» бағдарламасымен сапалы жұмыс орындарын құруға, сонымен қатар ауылдық кәсіпкерлікті кепілсіз несиелеу және өнімдерін кепілмен сатып алу тетіктерін енгізу арқылы қолдауға бағыттау керек. Жыл сайын қазіргідей 400 мың емес, 700 мың жаңа жұмыс орнын ашуымыз қажет. Соны қамтамасыз ету үшін жұмыс орындарын құрудың өңірлік картасын жасап, оларды мемлекеттік бағдарламалардың барлық жобасына және ірі жеке инвестициялық жобаларға қоса отырып, аумақтарды дамыту бағдарламаларының компоненті ретінде енгізуге тиіспіз», - деді министр Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Оның айтуынша, бұл өз кезегінде барлық мемлекеттік бағдарламада жұмыс орындары индикаторларын өзектендіру және бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің жұмыс орындарын ашуға жауапкершілігін арттыруды қажет етеді.

«Статистикалық есепке қойылатын жұмыс орындарының мониторингін қамтамасыз ететін тиісті жүйе енгізу, еңбек ресурстары дағдыларын дамыту үшін қысқа мерзімді оқытуды нақты дағдыларға бағдарланатын жаңа моделін еншізу жөнінде ұсыныстар әзірлеп жатырмыз», - деді Біржан Нұрымбетов.


Соңғы жаңалықтар