«Біртұтас әлемдік үкімет қалыптаспайынша, дағдарыс жалғаса береді» - ақпарат фейк

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде саясаттанушы және Америка президенттерінің кеңесшісі ретінде таныстырылған Збигнев Бжезинскидің сөздері келтірілген бейнеролик тарады. Ол онда әлемдегі дағдарыс біртұтас әлемдік үкімет қалыптасқанға дейін жалғасатынын айтады-мыс. Stopfake.kz анықтағандай, бұл ақпарат – фейк, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Расымен де, Збигнев Бжезински АҚШ-тың әйгілі саясаткері, төрт Президенттің, соның ішінде Билл Клинтон мен Барак Обаманың кеңесшісі болған. Өзінің ұзақ жылдарғы мансабында дағдарыстар туралы бірнеше мәрте айтқан, тіпті «Екінші мүмкіндік: үш президент және америкалық жоғарғы державаның дағдарысы» (Second Chance: Three Presidents and the Crisis of American Superpower) атты кітап та жазды.

«Алайда, оның әртүрлі дағдарыстар туралы мәлімдемелерінде біртұтас әлемдік үкімет құру туралы ештеңе айтылмаған.
Әлемді таңдаулы адамдар тобы басқарады деген теория дәлелденбеген және жаңа әлемдік тәртіп туралы конспирология теориясының бөлігі болып табылады. Бұған дейін біз осы идеяның барлық «растаулары» неге жалған екендігі туралы егжей-тегжейлі жазған болатынбыз», - деп жазады Stopfake.kz.

Мәлім болғандай, Збигнев Бжезинскийдің бірыңғай әлемдік үкіметті құру туралы айтқаны жайлы хабарламаларды Delfi.ru порталының фактчекерлері де жоққа шығарды.
Демек, танымал саясаткер жаңа әлемдік тәртіп туралы мәлімдеді деп айтуға негіз жоқ.


Соңғы жаңалықтар