Біртанов: Карантин талаптарын сақтасақ, коронавирус инфекциясын тоқтатамыз

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Карантинде өзімізді дұрыс ұстасақ, аталған инфекцияны тоқтатамыз. Бұл туралы елдегі коронавирус инфекциясы бойынша ағымдағы жағдай жайлы онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Карантин шаралары өте маңызды. Біріншіден, көшеге шықпай, үйде отыруыңыз керек. Қазіргі уақытта көп қалаларда үлкен ғимараттар, дүкендер жабылуда. Барлық жұмысшылар мүмкіндігінше қашықтан жұмыс істеуге көшуі тиіс. Жұмыста инфекция жұқтырудың алдын алу үшін осындай шаралар қолданып отырмыз», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Екіншіден, көшеге ары кетсе екі адам болып шығуға рұқсат, бірақ кей қалаларда бұл да өте қауіпті. Мүмкіндік болса, осы екі аптада көшеге мүлде шықпаған жөн.

«Ауылдық жерде үлкен отбасында тұратындар қарт адамдарды бөлек бөлмеде ұстап, өздеріңіз де бөлек бөлмеде отырғандарыңыз дұрыс. Карантинде өзімізді дұрыс ұстасақ, аталған инфекцияны тоқтатамыз. Екі апта, екі адам, екі метр – осы талаптарды сақтауымыз керек», деп атап өтті министр.


Соңғы жаңалықтар