Бірнеше өңірде сабақтар тоқтатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 24 қаңтар күні ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде сабақтар тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Павлодар облыстық Білім беру басқармасының ақпараты бойынша, Павлодар және Екібастұз қалаларында, Баянауыл, Май, Аққулы, Павлодар, Шарбақты аудандарында бірінші ауысымдағы 0-4 сыныптарында сабақ болмайды. Желдің күші 15-20 м/с

Шығыс Қазақстан облысында қатты желге байланысты Ұлан ауданы, Тарғын ауылында, Жоғарғы Тайынты ауылында бірінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары оқымайды.

Ақмола облыстық Білім беру басқармасының мәліметіне сәйкес, қатты бұрқасынға орай Степногрск қаласында 0-4 сыныптарда, Астрахан, Аккөл, Біржан сал, Сандықтау, Целиноград, Ерейментау, Қорғалжын, Шортанды және Егіндікөл аудандарында 0-11 сынып балалары үйлерінде қалады.

Айта кетейік, бүгін елордада 0-11 (12) сынып оқушыларына және колледждердің 1-2 курс студенттеріне оқу процесі тоқтатылды.




Соңғы жаңалықтар