Бірлікке негізделген халқымыз үйлесімдігін бағалай білуіміз керек - Виктория Трегубова

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бірлікке негізделген халқымыздың үйлесімдігін бағалай білуіміз керек. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласына қатысты Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар қанатының мүшесі, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының баспасөз хатшысы Виктория Трегубова осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз әділетті қоғам мен тиімді мемлекет құруды көздеп отырмыз. Кез келген істе әділдік қағидатын басшылыққа алсақ, бұған анық қол жеткіземіз. Мысалы, тұрғындардың тұрмысын жақсарта түспесек, еліміздің жетістіктері мен халықаралық табыстарын мақтан ету артық. Азаматтарымыз экономикалық өсімнің игілігін сезіне алмаса, одан еш қайыр жоқ. Мен әрбір шешімді қабылдар сәтте осы ұстанымды басшылыққа аламын. Біз халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартумен қатар, барлық азаматтардың мүддесін бірдей қорғаймыз. Менің ұғымымдағы әділетті мемлекет дегеніміз – осы», - деп жазды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында.

Бұл біздің ортақ болашағымыздың одан арғы жоспарлары. Қазақ жерінде әр уақытта көптеген этностар өмір сүрген. Қазақтың жерін Отаным деп көретін, қазақтың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпын құрметтеп қана қоймай, мемлекеттік тілді жетік меңгерген жандар. Наурызды тойлап, ұлттық тағамдар әзірлеп, қазақтардан да кем емес, халықтың тарихы мен мәдениетін білетін, ондаған өзге ұлттардың отбасыларын мысалға келтіре аламын.

Осы отыз жыл ішінде біз кез келген дәуірдегі қиындықтардан құтқарған бірліктің арқасында өмір сүрдік. Біз осындай бірлікке негізделген халқымыздың үйлесімдігін бағалай білуіміз керек. Бұл керемет болашаққа апаратын жалғыз сенімді жол. Көгілдір паспортты алған кезде біз өз таңдауымызды жасадық.

Біз барлығымыз Қазақстанның азаматтарымыз, бәріміз бірдей мемлекетіміздің өркендеуін қалаймыз, тілейміз. Менің түрлі этностардан достарым өте көп, олар қазақ тілін жетік біледі, оның әуенін жақсы көреді, қазақ классиктерін түпнұсқада оқиды. Өмір бойы Тәуелсіздік жағдайында өмір сүргендер біз қуатты және гүлденген Қазақстаннан басқа шындықты білмейміз және білгіміз де келмейді!


Соңғы жаңалықтар