«Бірлік» партиясы Мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысатынын мәлімдеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Бірлік» партиясы 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленген Мәжіліс және мәслихат сайлауына қатысатын болды. ҚазАқпарат партияның мәлімдемесін жариялайды.

«Бірлік» саяси партиясының парламент сайлауы қарсаңындағы мәлімдемесі

«Бірлік» саяси партиясы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәжіліс және мәслихат сайлауын белгілеу туралы бүгінгі үндеуін қолдайды. Сайлау науқанын Конституциямен бекітілген мерзімде өткізу партиямыз тарапынан құпталады.

Пандемияның таралуына байланысты түбегейлі өзгерістер мен экономикалық сынақтардың мүлдем жаңа жағдайында сайлауды заңнамамен белгіленген мерзімде өткізу маңызды. Бұл жайт барлық партияларға дайындық жасауға мүмкіндік берді. Өзінің жақтастарын «жинақтау» үшін уақытты біздің партиямыз да алды, атап айтқанда ұйымымыздың 30 қыркүйекте өткен съезінде біз сайлауалды платформаның сұлбасын бекітіп, жарғыға өзгерістер енгіздік.

Мемлекет басшысының бастамасымен саяси жаңғыру бойынша нақты шаралар Парламент және маслихаттарда өкілдік алу үшін айтарлықтай көбірек мүмкіндіктер береді.

Біз «парламенттік оппозиция» түсінігін енгізу, әйелдер мен жастарға 30-пайыздық квотаны енгізу және Мәжілістен бастап аудан мен қалалық мәслихаттарға дейінгі барлық деңгейлерде пропорционалды модель мен партиялық тізімдерді қолдану шараларын қолдаймыз.

Бұдан бөлек, Президент «парламенттік оппозиция» өкілдерін Мәжіліс комитеттеріне жұмылдыру туралы шешімді айтты, бұл шара электоралды кампания кезеңінде де, сондай-ақ Парламент және маслихаттар жұмысы аясында да ашық бәсекелестікті түзуге дайындықты айқындайды.

Қалыптасқан партия ретінде бізде жақтастарымыз, осы бәсекелік күреске қатысуға қажетті әлеует пен инфрақұырылым бар. Барлық партиялар тәжірибесіне, қолдаушылар саны мен мөлшеріне қарамастан, өздерінің саяси кемелдігін көрсетіп, сайлауға қатысып, дауыс берушілердің қолдауын алуы қажет деп санаймыз.

Мемлекет басшысының Мәжіліс пен мәслихаттарда өзінің тиімділігін дәлелдеген барлық партиялардың өкілдері болуы тиіс деген ұстанымын қолдаймыз. Бұл пікірлердің плюрализмін тудырып, ел азаматтарының игілігі үшін пікірталас, идея мен ұсыныстардың бәсекесін қамтамасыз етпек. Мемлекет басшысы жаңарған Парламент елімізде алдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге заңнамалық базаны қамтамасыз етуі қажеттігін атап өтті.

Біз Қазақстан Президентінің саяси мәдениетті, демократияландыруды дамыту жөніндегі шешімі мен саяси еркі, сондай-ақ ҚР ОСК-ның кәсіби жұмысы алдағы сайлау шеңберінде барлық саяси партиялар үшін ашықтық пен тең бәсекелестікті қамтамасыз ететініне сенімдіміз.

Жарияланған сайлау баршамызға – қоғам, партиялар, мемлекеттік аппарат үшін маңызды сынақ екенін атап өткен жөн. Өйткені сайлау науқаны әлемдік пандемия салдарынан алғаш рет экономикалық қиын кезеңде өтпек.

Осы сайлау ағымдағы ситуациямен қатар, саяси мәдениеттің дамуы, азаматтық қоғамның дамуы, жаңа медиа құралдарды қоса алғанда технологиялық жабдықталу деңгейінің өсуіне байланысты ерекше болады.

Мен «Бірлік» партиясының жетекшісі ретінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі сөйлеген сөзі бізге сенімділік сыйлағанын жасырмаймын. Ұйымымыздың алдағы сайлауға қатысуға дайын екенін ресми түрде мәлімдеймін және алдағы Съез аясында сәйкес шешім қабылдап, сайлауға қатысу үшін белсенді партия өкілдері қатарынан партиялық тізімді жасақтаймыз.


Соңғы жаңалықтар