Бірлігі бекем елдің іргесі берік болады - Талғат Қаржауов

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бірлігі бекем елдің іргесі берік болады. «РОСАЗИЯНЕФТЬ» ЖШС директоры Талғат Қаржауов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Дәл қазіргі кезең - баршамыздың адамдық борышымыз бен азаматтығымыз сыналатын сәт. Аты жаман кесел жаһанды жаулаған сәтте қазақ елі бір жеңнен қол, бір жаңадан бас шығара білуіміз керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жағдайды өзінің тікелей бақылауында ұстап келеді. Соның тағы бір айғағы жақында жариялаған үндеуі болып табылады. Онда елімізге төнген қауіптің алдын алу жолдары мен сақтық шараларының барынша күшейген режимі енгізілген», - дейді «РОСАЗИЯНЕФТЬ» ЖШС директоры.

Оның сөзінше, әлемнің өзге елдерінде азық-түлік тапшылығы белең алған.

«Біздің елде мұндай жағдай бола қоймады. Осының өзі мемлекет тарапынан дер кезінде әрі дұрыс берілген дерек көздерінің арқасында білемін. Бүгінгі таңда барынша сақтық шараларын сақтау арқылы біз өз тағыдырымызбен қоса, өзге де адамдардың өмірін құтқара аламыз. Қазақстанның бір азаматы ретінде мен де өз үлесімді қосып, Түркістан облысында ашылған қорға 1 млн 200 мың тг қаражат аударуды ұйғардым. Басты мақсатым – осы қиын сәтте облыс дамуына өз үлесімді қосу», - дейді Талғат Қаржауов.

Еске сала кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өткен еді. Онда Президент дәрігерлерге алғыс айтты.

«Сіздерге шынайы алғысымды айтамын. Үкімет пен әкімдерге қосымша қаржы тауып, коронавирусқа қарсы күрес жұмыстарына тартылған дәрігерлерге, полиция қызметкерлеріне және өзге де мамандарға 1 айлық көлемінде сыйақы беруді тапсырамын», – деді Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар