Бірқатар судья лауазымдарына конкурстық іріктеу аяқталды - Жоғары Сот Кеңесі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жоғары Сот Кеңесі бірқатар судья лауазымдарына конкурстық іріктеуді аяқтады. Бұл туралы бүгін онлайн режимдегі баспасөз мәслихатында ҚР Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Нұржан Жолдасбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атап айтқанда, Жоғарғы Соттың 2 судьясы, аудандық соттың 1 төрағасы, облыстық соттың 1 судьясы, аудандық соттардың 40 судьясы лауазымдарына жарияланған конкурс қорытындыланды.

Судья боламын деген үміткерлер саны өте көп екенін атап өткен жөн», - деді Н. Жолдасбеков.

Құжат тапсырғандар санына тоқталсақ, Жоғарғы Сот судьясы лауазымына 17 адам, аудандық соттардың судьясы лауазымына 274 адам, Алматы қалалық сотының судьясы лауазымына 49 адам қатысты. Жалпы, конкурста 342 адам қамтылды.


Соңғы жаңалықтар