Бірқатар лауазымды тұлғалар дипломатиялық дәрежеге ие болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызмет күніне орай ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар лауазымды тұлғаларға төтенше және өкілетті елші дипломатиялық дәрежесін берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жөнінде ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлімет таратты.

Атап айтқанда, 4 адам жаңа дәрежеге ие болған.

- Асқар Оразалыұлы Шәкіров - ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары;

- Бауыржан Әлімұлы Мұхамеджанов - Қазақстанның Грузиядағы Елшісі;

- Ерлан Кеңесұлы Баударбек-Қожатаев - Қазақстанның Жапониядағы Елшісі;

- Роман Юрьевич Василенко - Қазақстанның Словакиядағы Елшісі.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысымен бірқатар қазақстандық дипломаттарға кезекті дипломатиялық дәрежелері мен ҚР Президентінің Құрмет грамотасы берілді.

Жаңа дипломатиялық дәрежелер мен ҚР Президентінің Құрмет грамоталарын тапсыру рәсімі ҚР Сыртқы істер министрлігінде өтті.

Министр Мұхтар Тілеуберді қазақстандық дипломатияның қалыптасуы мен нығаюына атсалысқан дипломатиялық қызмет ардагерлеріне ведомстволық наградаларды табыстады.

«Іс-шара барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып өтті. Кезекті дипломатиялық ранг пен наградалар шетелде жұмыс істейтін дипломаттарға да берілді», - деді министрліктен.



Соңғы жаңалықтар