Бірқабатты Шығыс: ШҚО-да бағдарлама аясында 106 мың шаршы метр үй салынды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында 106 мың шаршы метр үй бой көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов қала және аудан әкімдерімен тұрғын үй, әлеуметтік нысандар құрылысы бойынша жиналыс өткізді.

«Бүгінде Үржар және Зайсан аудандарында құрылыс қарқыны қуантарлық. Зайсанда жалпы ауданы 12 мың шаршы метрді құрайтын құрылыс жүргізілуде. Ал Риддерде халық саны осы аудандағыдай болғанымен, құрылыс көлемі тек 7 мың шаршы метрді құрайды. Осы ретте, әкімдерге 2022 жылға арналған құрылыс бағдарламасын және 2023 жылдың міндеттерін дайындауды тапсырдым. Онда қанша тұрғын үй салынатындығы және жобалық-сметалық құжаттамаға басымдық берілген жобалар көрсетілуі керек», - деді облыс әкімі.

Өз сөзінде ол коммерциялық тұрғын үй салуға ниет білдірген жеке инвесторларды қолдайтынын жеткізді.

«Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында биыл 106 мың шаршы метр жеке тұрғын үй салынды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есеге көп. Соған қарамастан жұмысты күшейту керек. Алтай және Шемонаиха өңірлерінде салынып жатқан үйлердің санын көбейту қажет. Қарашаның аяғында әкімдерді жеке қабылдап, тұрғын үй мен әлеуметтік нысандардың құрылысына қатысты есептерін тыңдаймын», - деді Даниал Ахметов.


Соңғы жаңалықтар