Бірінші сыныпқа баратын бала тест тапсыра ма

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Алматы қалалық департаментінің басшысы Гүлнәр Ермекбаева онлайн- брифинг барысында 1-сыныпқа баратын балалар ешқандай тест тапсырмайтынын жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балалары бірінші сыныпқа баратын ата-аналарға айтарым, 1-сыныпқа баратын балаларды тестілеуден өткізуге бірде-бір мектептің құқығы жоқ. Олар бәрін қабылдауға міндетті. Биыл өтінім электронды түрде eGov арқылы беріледі. Егер мұндай жағдайлар болса, бізге хабарласыңыз. Бізде сайт және Call-орталық бар. Мектеп табалдырығын аттағалы тұрған баланы тестен өткізуге ешкімнің құқығы жоқ», - деді Гүлнәр Ермекбаева.

Сонымен қатар, ол барлық балаларды 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады.

Бұған дейін, департамент басшысы Алматыда жазғы мектеп ұйымдастыру жоспарланып отырғанын айтқан болатын.

Еске салайық, биыл 1-ші сыныпқа қабылдау, мектептен мектепке, сыныптан сыныпқа ауыстыруға құжаттар egov.kz порталы арқылы қабылданады. Қабылдау мерзімі - 1 маусым – 30 тамыз аралығы.

Бұл ретте, 1-сыныпқа баратын оқушының ата-анасынан (заңды өкілдерінен) 4 құжат қана сұралады:

- өтініш (еркін түрде);

- баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

- бала денсаулығы туралы анықтама (медициналық паспорт);

- 3x4 көлеміндегі екі фото тапсырылады.


Соңғы жаңалықтар