Бірінші Республикалық пәндік онлайн олимпиадаға 150 мыңнан астам оқушы қатысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бірінші Республикалық пәндік онлайн олимпиадаға 150 мыңнан астам оқушы қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Онлайн олимпиада 9-11 сынып оқушылары арасында тегін өткізілді. Оларға математика, физика, химия биология, география, информатика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы және «Адам. Қоғам. Құқық» пәндерін қамтитын көпдеңгейлі әр пән 50 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын орындау ұсынылды», делінген хабарламада.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің дипломдары электронды форматта daryn.kz сайтында 25 мамырға дейін жарияланады.

Олимпиаданың ережесіне сәйкес қатысушылардың 25 пайызы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.


Соңғы жаңалықтар