+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

#Birgemiz: Су жаңа бейнебаян көрерменге жол тартты

2020 жылғы 24 наурыз 20:23
Бөлісіңіз:
#Birgemiz: Су жаңа бейнебаян көрерменге жол тартты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әнші Ибрагим Ескендірдің #Birgemiz үндеуіне орай шығарған әніне бейнебаян түсірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ТЖ режімін бұзған 14 жүргізушінің көлігі айып тұрағына қойылды Қазақстандағы коронавирус бойынша 4 сәуірдің 22.45 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай Алматыда коронавирустың 31 ошағы белгіленген

«Ел басына күн туғанда Президентіміз халқымыздың саулығын ойлап, төтенше жағдай жариялады. Жағдайды жеке бақылауында ұстап отыр. Елбасымыз ел кәсіпкерлерлерін біріктіріп «Біргеміз» қорын құрды, мемлекетшілдік сананы күшейтіп, ынтымақтасуға шақырды. Дәл осындай сын сағатта жұрттың жұдырықтай жұмылуы, ұлттың мығым бірлігі ғана бізді қиындықтан алып шығады. Яғни, біз сөзде де, істе де татулық танытып, бірге екендігімізді өзімізге дәлелдегенде ғана мықты мемлекет, ұлы ұлт боламыз», деп жазды әнші Ибрагим Ескендір Instagram-дағы парақшасында.


Оның айтуынша, осы идеяны ту еткен туынды «Біргеміз» деп аталады. Сазын Ибрагим Ескендір, сөзін Сырым Әуезхан жазған. Орындаушы Ибрагим Ескендірдің өзі.

«Қазақты көргім келеді» әніне клип түсірген «Хабар» агенттігі еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен аз ғана күннің ішінде су жаңа «Біргеміз» әніне арнайы бейнебаян түсірді.

«Хабарлық шығармашылық топ: режиссері Нұрсерік Қамбар, қоюшы операторы Әлібек Әлиев, продюсері Әсел Тұрсынғазина», делінген хабарламада.

Бұған дейін әнші Ибрагим Ескендір #Birgemiz әнін шығарғанын хабарлаған едік.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT