Birgemiz: ШҚО-да мұқтаж жандарға азық-түлік таратылып жатыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – ШҚО бойынша экономикалық тергеу департаментінің мамандары «Biz birgemiz» акциясына қолдау білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Акция аясында мемлекеттік қызметкерлер көпбалалы отбасыларға, қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандар мен аз қамтылған отбасыларға азық-түлік таратты.

«Төтенше жағдай режиміне орай енгізілген қосымша шектеулер кезінде тұрғындар үйде отыруы үшін азық-түлік пен жеке бас гигиена заттарын олардың үйіне дейін жеткізіп бердік. «Біз біргеміз» акциясының әлеуметтік маңызы зор. Осындай игі шаралардан алдағы уақытта да қалыс қалмаймыз», - дейді ШҚО бойынша экономикалық тергеу департаментінің мамандары.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін «Birgemiz» қоры арқылы Шығыс Қазақстанда 12 мыңнан астам адамға қолдау көрсетіліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар