Birgemiz: ШҚО-да 12 мыңнан астам адамға қолдау көрсетіліп жатыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – «Nur Otan» партиясы ШҚО филиалының төрағасы Олег Чугунковтың айтуынша, өңірде төтенше жағдай кезінде мұқтаж жандарға қаржылай көмек көрсетілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласында мемлекетіміздің түрлі кезеңдегі қиындықтардан қалай шыққаны туралы кеңінен баяндады. Иә, дүниені дүрбелеңге салған пандемия бүкіл әлемде жаңа экономикалық дағдарыс туғызып отыр. Қауіпті індетке қауқары жетпеген кейбір елдің шеккен зардабын көргенде, кез-келген адамды қорқыныш билейтіні анық. Әрине, үрей мен қорқыныш – бұл індетке жол ашып береді. Сондықтан, негізсіз алаңдауға болмайды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бұл індетті жеңіп, еліміз қалыпты тірлікке оралу үшін біз бірлесе күресіп, әрқайсымыз жауапкершілікті сезінуіміз қажет», - дейді Олег Чугунков.


Оның айтуынша, бүгінгі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде «Birgemiz» республикалық акциясы аясында түрлі шаралар қолға алынуда. Осы ретте «Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» сынды жобалары шеңберінде ардагерлер, көпбалалы аналар, аз қамтылған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар көмек алуда.


«Еліміздегі төтенше жағдай кезінде халыққа қайырымдылық көмекті тиімді ұйымдастыру үшін «Birgemiz« республикалық қоры құрылғаны белгілі. Бекітілген 7 санат бойынша қордан 150 мыңнан астам азаматқа 50 мың теңге көлемінде ақшалай көмек көрсетіледі. Бұл карантин кезінде қиындықтарға тап болған 23 ірі қалалардың тұрғындары. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Өскемен және Семей қалаларында тұратын осы санаттағы 12 мыңнан астам адамдарға қолдау көрсетілуде», - дейді «Nur Otan» партиясы ШҚО филиалының төрағасы.



Соңғы жаңалықтар