«Birgemiz»: Атырауда жанашырлар 14 отбасына тегін азық-түлік жеткізіп берді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 14 отбасыға тегін азық-түлік берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Birgemiz» қайырымдылық акциясы аясында «Елсана» руханият клубының жетекшісі Нұржан Ермұханов пен «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің басшысы Андрей Кораблев тұрмысы төмен 14 отбасына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлерін жеткізіп берді.

«Әлеуметтік осал топтағы біз үшін бір ауыз жылы сөз де үлкен қолдау болады. Бірақ, жанашыр жандар кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге боларлық қайырымдылық танытты. Олар бізге қажетті азық-түлікті үйімізге әкеліп берді», - дейді қос жанарынан айрылған Талғат Хами.

Сондай-ақ, қоғамдық ұйым өкілдері азық-түлік берумен шектелмеген. Олар жалдамалы пәтерде тұратын кейбір отбасылардың жалдау ақысын төлеуге қол ұшын созды.



Соңғы жаңалықтар