«Birge» сайты елордалықтарға не береді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әкімдігі «Birge» сайтын іске қосты. Осыған орай бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен аталған сайттың қала тұрғындары үшін қандай тиімділігі бар екендігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Таяуда ғана әкімдік жаңа сайт ашатындығын жария еткен едік. Елорда тұрғындарының ұсыныстарын жинау үшін «Birge» сайтын іске қостық. Онда елорданың әрбір тұрғыны қаланың тыныс-тіршілігіне қатысты кез келген мәселемен жүгіне алады. Қаламызды жақсартуға және дамытуға қатысты ұсыныстар, қандай да бір проблемалар болып жатса, ол сайтқа егізіледі және біз оны бірлесе отырып шешетін боламыз», - деді ол «Тәуелсіздіктің 30 жылдығын өткізудегі азаматтық сектордың рөлі» тақырыбында өткен кездесу барысында.

Сонымен қатар қала басшысының орынбасары белсенді елордалықтар аталған сайтта ұсыныстары мен идеяларын жазып қалдыра алатындығын атап өтті.

«Тұғырнаманың жұмыс істеу процесі қарапайым. Яғни, идея ұсыну, жинақтау, жобаны жүзеге асыру. Демек, біз тұрғындардың үздік ұсыныстарын бірлесе жүзеге асырамыз», - деді Бақтияр Мәкен.

Бұған дейін елордада үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері «Тәуелсіздіктің 30 жылдығын өткізудегі азаматтық сектордың рөлі» тақырыбында кездесу өткізгенін хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар