Бір жылда елдегі жас бизнесмендер саны 36% өскен

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бір жылдың ішінде жасы 29-дан аспаған бизнесмендердің саны 36% өскен. Осылайша олардың өз ортасындағы үлесі 18% артып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Finprom ресурсына сілтеме жасап.

Сәуір айында елімізде жасы 29-ға толмаған бизнесмендердің саны 211,9 мыңға жеткен. Яғни, бір жылдан бірден 36,4% артқан.

Салыстырып айтсақ, бұл кезеңде жалпы жеке кәсіпкерлердің саны 8,3% өсіп, 1,2 млн адамға жеткен. Бір жыл бұрын олардың жалпы кәсіпкерлердің арасындағы үлесі 14,5% болса, биыл 18,2%-ға жетіп отыр.

Жынысқа қарай жіктесек, жас кәсіпкерлер арасында да ерлердің саны басым – 109,1 ер, 102,8 мың әйел кәсіпкер өз ісін дөңгелентіп отыр.

Алайда ауылдағы жас кәсіпкерлердің үлесі әлі де болса аз. Жастар санатына жататын 158,4 мың кәсіпкер қалада тіркелген. Ал ауылдағылардың үлесі - 25 пайыздың айналасында.

Бірақ биыл ауылдағы жас кәсіпкерлердің саны да айтарлықтай өскен – 30,9% немес 53,4 мың.

Жастар арасында бөлшек және көтерме сауда ең тартымды сала болып тұр. Мұнда 73,6 мың адам кәсіп ашқан.

Өңірлер арасында Алматы (33 мың) және Нұр-Сұлтан (24,7 мың) қалаларында жас кәсіпкерлер көбірек тіркелген.

Тізімнің соңында Солтүістк Қазақстан (2,6 мың), Павлодар (5 мың) және Ақмола (5,5 мың) облыстары тұр.

Бір қызығы 6 өңірде жас кйсіпкерлердің арасында әйелдердің үлесі басым. Әсіресе Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары алғашқы үштікте.

Ал Солтүстік Қазақстан (39,2%) және Түркістан (40,5%) облыстарында әйел кәсіпкерлердің үлесі аз.

Өткен аптада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесуінде кәсіпкерлердің негізсіз қудалануын сынаған еді.


Соңғы жаңалықтар