Бір жыл бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен қостанайлық азамат Ресейден табылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Былтырдан бері іздеуде болған 46 жастағы ер адам Ресей Федерациясының Набережные Челны қаласынан табылды. Бұл оқиға туралы Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәлімдеуінше, 2020 жылдың ақпанында Қарабалық ауданының полиция бөлімінt Святославка ауылының тұрғыны Цилинко Галина шағымданған.

Ол баласының жұмыс іздеп Челябинск облысына кеткенін, содан ,th3 байланысқа шықпай қойғанын айтты.

«Аталған өтініш бойынша іс қозғалып, ер адамға халықаралық іздеу жарияланған. 11 мамырда жедел іздеу шараларының нәтижесінде ер адамның дін аман екені, Ресей Федерациясының Набережные Челны қаласында тұрып жатқаны жайлы ақпарат келіп түсті. Алайда оның ешқандай құжаттары болмаған», - деп атап өтті полиция.

Ресейлік әріптестермен жүргізілген келіссөзден кейін Александр Цилинконы отанына қайтару куәлігін беру жөнінде шешім қабылданды.

Қазіргі кезде полицейлер оқиғаның бүкіл мән-жайын анықтап жатыр.

Өз кезегінде Александрдың анасы Галина полицейлерге баласын іздеуде көрсеткен көмегі үшін шексіз алғысын жеткізді.


Соңғы жаңалықтар