09:00, 23 Қазан 2020 | GMT +6
Бір тәулікте 186 қазақстандықтың пневмониямен ауырғаны белгілі болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 186 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 27 адам емделіп шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 36567, 391 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 28390 жетті.