Бір тәулік ішінде қайтарылған билет саны 11 есе өсті – ҚТЖ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Жолаушылар тасымалы» АҚ Маркетинг және сату департаментінің директоры Алмас Айтбаев Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары карантин режиміне көшуіне байланысты қандай бағыттағы пойыздардың жұмысы тоқтағанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінге дейін 9 мемлекетаралық пойыз, Қазақстан аумағында 7 пойыз бағыты қысқартылды. Елімізде жүретін пойыздар әзірге штаттық режимде жұмыс істеуде. Бұл мәселе қазіргі уақытта Үкімет деңгейінде қаралып жатыр», - дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ Маркетинг және сату департаментінің директоры Алмас Айтбаев.

Ол еліміздегі ҚТЖ кассаларының саны 230 екенін және олар тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын айтты.

«Бір тәулік ішінде қайтарылған билет саны 11-12 есе өсті. Мысалы, бұрын бір тәулікте 7 мың билет қайтарылса, қазіргі уақытта тәулігіне 80 мың билет қайтарылуда. Билетті өткізу үшін билет пен жеке куәлікті көрсету керек», - дейді ол.





Соңғы жаңалықтар