Бір рет қолданылатын масканың бағасы 118 теңгеден 85 теңгеге дейін арзандады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үш қабатты медициналық масканың бағасы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

Айта кетейік, бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша бірқатар маңызды шешімдер қабылданды.

Соның ішінде бір рет қолданылатын үш қабатты медициналық масканың бөлшек саудадағы шекті бағасы 118 теңгеден 85 теңгеге дейін, яғни 28%-ға арзандатылды.


Соңғы жаңалықтар