«Бір күндік» фирмаларды бастапқы сатыда анықтау бойынша жаңа жоба жүргізілуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде «бір күндік» фирмаларды анықтау бойынша пилоттық жоба белсенді талқылануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметтеріне сілтеме жасап.

Жұмыстың негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Салық төлеушілер қауымдастығының көмегімен бизнес-қауымдастықтардың өкілдерімен және кәсіпкерлермен тәуекелді компаниялар үшін ЭШФ жазып беру бойынша қызметтерге шектеуді қарастыратын пилоттық жобаны іске асырудың мерзімдері мен қағидаларын талқылау бойынша кездесу өткізді.

Пилоттық жоба электронды шот-фактуралардың (ЭШФ) және транкингтік байланыс ақпараттық (ТБА) жүйелерін пайдаланумен салық төлеуден жалтару схемаларын анықтауға бағытталған. Кездесу барысында жобаны іске асырудың негізгі тәсілдері түсіндірілді.

Пилоттық жобаның шеңберінде салық төлеуден жалтару схемалары анықталды. Мысалға, активтері, алынған тауарлары, жер қойнауын пайдалану шарттары жоқ «А» фирмасы, бір апта ішінде 1,7 млрд. теңге сомасына құрылыс-монтаждау жұмысын жүргізуге және қиыршық тас өткізуге ЭШФ-ны «B» және «С» фирмаларының мекенжайына жазып берген, олар осы сомаларды есепке жатқызып, сол арқылы ҚҚС оңтайландырды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде «А» фирмасына ЭШФ жазып беру бойынша қызмет көрсетуде шектеу қойылды, ал «B» және «С» фирмаларына қатысты хабарлама шығарылды және осы мәмілелерді жарамсыз деп тану бойынша наразылық-талап-арыз жұмысы басталды.

Бұл ретте, ЭШФ жазып беру бойынша қызмет көрсетуді шектеу тек қана жоғары тәуекел дәрежесіне жатызылған салық төлеушіге және осындай салық төлеуші камералдық бақылау бойынша хабарламаны орындамаған жағдайда қолданылады.

Осындай шешім қабылдағанға дейін салық төлеушіге камералдық бақылау бойынша хабарлама жіберіледі, келіспеген жағдайда салық төлеуші түсіндірме не шағым беруге құқылы (хабарламаны орындау мерзімі 5 жұмыс күні).

Салық төлеушілерді іріктеу тек қана орталық деңгейде және автоматты режимде жүзеге асырылады. Құпия болып табылмайтын іріктеу өлшемшарттары Салық кодексінің 136-бабында көрсетілген.

ЭШФ және ТБЖ АЖ пайдалануға енгізу деректерді зияткерлік талдауға, себеп-салдар байланыстарын анықтауға және салық заңнамасын бұзушылығына аса тиімді және шұғыл ден қоюға мүмкіндік береді. Тауарсыз операцияларды анықтау үшін талдауға, салықтық декларацияның тапсырылуын күтпей, барлық жазылған шот-фактуралар мен мәмілелер ұшырайды.

Талқылау барысында бизнес-қоғамдастықтар Пилоттық жобаны іске асыру қағидаларына бірқатар өзгерістер ұсынды, оларды Мемлекеттік кірістер комитеті қолдады.

Атап айтқанда, түсіндірмені қарау мерзімі 3 жұмыс күнінен 1 жұмыс күніне дейін қысқартылатын болады, мемлекеттік органның кінәсі бойынша ЭШФ жазып беру мерзімі бұзылған жағдайда әкімшілік жауапқа тарту алып тасталынды. Сонымен қатар, алдағы уақытта пилоттық жоба шеңберінде жоғары тәуекелді салық төлеушілердің тізбесі МКК сайтында орналастырылатын және айына 2 рет жаңартылатын болады.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша тәуекелді кәсіпорындармен қарсы күресті күшейту қажеттілігі және нарықтың адал қатысушыларының мүдделерін қорғау үшін бәсекелестік жағдайды қамтамасыз ету туралы ұстаным қолдауға ие болды.

Сұрақтар туындаған жағдайда мемлекеттік кірістер органдары қажетті ақпаратты беруге және әдістемелік көмек көрсетуге дайын.

Кәсіпкерлер 717667, 717690 және 1414 телефон нөмірлеріне не kgd.gov.kz сайтындағы МКК төрағасының блогына жүгіне алады.

Соңғы жаңалықтар