Бір күнде 210 қазақстандық пневмонияға шалдықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Соңғы тәулікте коронавирус белгілері бар пневмонияға шалдыққандардың саны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

17 қыркүйекте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 210 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді.

Оған қоса 183 адам емделіп шықты.

2020 жылғы 13 наурыздан бергі статистика: ауырғандар - 74 025, 4 734 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 60 717 жетті.



Соңғы жаңалықтар