+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Бір аптада жол апатынан 40 адам қаза тапты – ҚР ІІМ

2020 жылғы 26 қазан 11:15
Бөлісіңіз:
Бір аптада жол апатынан 40 адам қаза тапты – ҚР ІІМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының суытуына байланысты Қазақстан жолдарында көлік апаты көбейді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада әжетханадан шақалақтың денесі табылды 2 желтоқсан. ҚазАқпарат күнтізбесі 1 желтоқсан. ҚазАқпарат күнтізбесі

«Бір аптада жалпы саны 209 жол-көлік оқиғасы орын алды, салдарынан 40 адам қаза тауып, 235 адам жарақат алды. Суық түскен кезеңде жол үстіндегі қозғалысқа аса мұқият қараған жөн. Қауіпсіздік мақсатында Ішкі істер министрлігі алыс сапарларды ауа райы жағдайына қарай жоспарлауға шақырады. Тұман мен боран болжанған күндері қала сыртына шықпауға кеңес береді», - деді Нұрділдә Ораз әлеуметтік желіде өткен онлайн брифингте.

Сонымен бірге, ресми өкіл бір аптада жалпы саны 3424 қылмыс тіркелгенін атап өтті. Полицейлердің жедел әрекет етуі нәтижесінде 2198 қылмыс ізі суымай ашылды. Оның ішінде19 адам өлтіру, 38 тонау және 513 ұрлық фактілері әшкере болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT