+7 (701) 759 90 19
USD 419.45 EUR 504.64
RUB 5.68 CNY 64.88
Jańalyqtar

Бір аптада COVID-19-дан қайтыс болғандар саны рекордтық көрсеткішке жетті – ДДҰ

2021 жылғы 20 қаңтар 12:35
Бөлісіңіз:
Бір аптада COVID-19-дан қайтыс болғандар саны рекордтық көрсеткішке жетті – ДДҰ

ЖЕНЕВА. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) әлемде бір аптада коронавирус инфекциясынан көз жұмғандар саны рекордтық көрсеткішке жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ДДҰ ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Жүкті келіншекті жатқызудан бас тартқан аурухана: ӘМСҚ тексеру жүргізді «Ashyq» жобасы үшін ПТР тест тапсыру қажет пе Коронавирус: Ақмола облысы «жасыл аймаққа» өтті

ДДҰ апталық эпидемиологиялық бюллетеніне сәйкес, өткен аптада, 11-17 қаңтар аралығында коронавирустан 93 882 адам қайтыс болған. Бұл пандемия басталғалы тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Өткен аптамен салыстырғанда COVID-19-дан болған өлім 9%-ға артты. Жалпы әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 2 014 957-ге жетті.

Өткен аптада өлім деңгейі Батыс-Тынықмұхит аймағында 35%-ға өсіп, ең жоғары көрсеткішті көрсетсе, ең төменгі 2%-дық көрсеткіш Шығыс-Жерорта теңізі аймағында тіркелген. Бір аптада COVID-19-дан болған ең көп өлім Америкада тіркелді – 43 804.

Індеттің таралуына келер болсақ, ДДҰ бюллетенінде Америка, Еуропа және Оңтүстік-Шығыс Азияда жұқтырғандар саны азайғаны, ал Батыс-Тынықмұхит аймағында, керісінше көбейгені хабарланған. Вирусқа шалдыққандар Еуропада 15%-ға төмендеген, ал жаңа жұқтыру оқиғалары Батыс-Тынықмұхит аймағында 14%-ға көбейген.

Ең көп коронавирус жұқтыру оқиғасы Америкада тіркелді – 2 467 817 адам. Одан кейінгі орында 1 610 353 жаңа коронавирус жағдайымен Еуропа тұр. Үшінші орында Оңтүстік-Шығыс Азия, онда 204 654 жаңа жұқтыру оқиғасы тіркелді. Жалпы, ДДҰ мәліметінше, өткен аптада әлемде 4 725 029 адам инфекция жұқтырған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT