Бір аптада 8 бала суға кетіп көз жұмды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 5-11 шілде аралығында елімізде 47 адам, оның ішінде 8 бала суға батып, көз жұмды. Бұл туралы ҚазАқпарат ТЖМ сілтеме жасап хабарлайды.

Суға батқандардың ең көп саны Алматы (8), Шығыс Қазақстан (8), Ақмола (5) және Солтүстік Қазақстан облыстарында (5) тіркелді.

Ал балалардың суға кету оқиғалар Алматы (3), Түркістан (2), Ақмола (1), Солтүстік Қазақстан облыстарында (1) және Нұр-Сұлтан қаласында (1) тіркелді.

«Балалар уақытын көңілді өткізіп, ыстық күнде салқындауға су айдынына барады, олар судың қауіпті екенін де түсіне бермейді.

Суда балалардың өліміне қалай жол бермеуге болады? Балаларды су айдындарында қараусыз қалдырмаңыздар! Балаларға ешқашан суға ересек адамлдардың қарауынсыз түсуге болмайды! Оларды жүзуге үйретіңіздер», - деп ескерту жасады Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері.


Соңғы жаңалықтар