Бір апта ішінде елімізде 3 295 қылмыс жасалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бір апта ішінде елімізде 3 295 қылмыс жасалды. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ІІМ өкілінің дерегінше, апта ішінде орын алған 3 295 қылмыстың 2 144-і тәулік ішінде ашылған.

«Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 15 кісі өлтіруді, 6 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 29 тонау және 480 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деді ол ҚР Ішкі істер министрлігінде өткен брифинг барысында.

Сонымен қатар ол өткен аптада ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев Сенатта Қырғызстанмен көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы заң жобасын ұсынғанын айтты. Министрлік дерегінше, өткен жылы Қазақстанға Қырғызстанның 281 мыңнан астам азаматы келген. Көрші елге 175 мың қазақстандық барған.


Соңғы жаңалықтар