+7 (701) 759 90 19
USD 376.43 EUR 407.11
RUB 5.76 CNY 53.55
Jańalyqtar

Білім саласының ардагері: Абайды ұлықтау - елдігімізді, ана тілімізді ұлықтау

2020 жылғы 11 қаңтар 21:07
Бөлісіңіз:
Білім саласының ардагері: Абайды ұлықтау - елдігімізді, ана тілімізді ұлықтау

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Абайды ұлықтау - елдігімізді, ана тілімізді ұлықтау. Білім беру саласының ардагері, Көкшетау қаласының құрметті азаматы Тельман Мұқышев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Абай туралы ғылыми мақалаларға байқау жарияланды Президенттің «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласы орыс тіліне аударылды Қызылордада Абай қолданған заттар қойылған жылжымалы көрме ашылды

«Күні кеше ҚР Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты көлемді де мазмұнды мақаласын оқып, жеке ойымды шәкірттеріммен және әріптестеріммен бөліскенімді жөн көрдім.

«Абай – дара тұлға, Абай - дана тұлға. Абайды таныған – адаспас», - деп өз атамның айтқан сөзі бүгінгі күні де мен үшін өзінің маңыздылығын жоғалтқан емес», - дейді Тельман Мұқышев.

Ардагердің айтуынша, қазақ әдебиетін әлемдік деңгейде танытып, музыкаға үйлестіріп, биік сахналар төрінде орындап жүрген талай қазақ жұлдыздары да домбыраның шанағынан күйлері мен әндерін төгіп паш еткендігі – жастар бойында Абай аталарына деген ыстық ықыласы мен зор құрметінің көрінісі деп түсінуге болады.

«Қазіргі жастар бойында ұлтжандылық пен еңбекқорлық қасиеттерін дарыту мақсатында Абай шығармаларын оқытып таныту – болашақта кемел білімді жас буын азаматтарды тәрбиелеуге зор ықпалын тигізеді деген ойдамын.

Осы жылы өткізілетін ауқымды іс-шараларға, оның ішінде республикалық, өңірлік тіпті ауылдық жерлер деңгейінде ақындар айтысы, күйшілер додалары өткізілуіне қатысып, өз өнері арқылы Абайдың өшпес мұрасын дәріптейтін жастар үшін үлкен құрмет, керемет мүмкіндік туып отыр.

Абайды құрмет тұту – ұлтыңды құрмет тұтумен тең. Ендеше, Абайды ұлықтау - елдігімізді, ана тілімізді ұлықтау болып табылады», - деп түйіндеді Тельман Мұқышев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT