Білім саласында «Тәлімгерлік» иниститутын дамытуға бағытталған әдістемелік ұсыныстар әзірленеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Білім беру орындарындағы «QOLDAU» қоғамдық бірлестігі Қамқоршылық кеңесі балалар үйіндегі тәрбиеленушілерге, әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарындағы жасөспірімдерге, қиын өмірлік жағдайда қалған балаларға қатысты еріктілердің тәлімгерлік тәжірибесін енгізу бойынша «Birgemiz's Cabaqtastyq» әлеуметтік жобасын іске асырып келеді.

Тәлімгерлік жүйесін енгізудің негізгі құралы болып жетім балалар мен ата анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйіндегі Қамқоршылық кеңесі болып табылады.

Тәлімгерлік -жетім балаларға көмектесудің ең тиімді және маңызды әдістерінің бірі. Бұл ересектер мен баланың арасындағы жеке қарым-қатынас, ол жетім балаларға өзінің қажет екенін түсініп, әлемге деген сенімін қалпына келтіруге көмектеседі.

«Біз жүйелі жан-жақты қолдаудың арқасында тәлімгерлік пен ойластырылған әрекеттердің, әлеуметтік және кәсіптік бағдарларды дамытуға және бағдарламаға қатысушы балалардың әлеуетін ашу үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған - қарым-қатынас дағдыларының арқасында балалардың өмірі қалай жақсы өзгеретінін көріп отырмыз. Ал оны Қамқоршылық кеңесі арқылы іске асыру білім беру ұйымдарында кешенді және жүйелі тәсілді қамтамасыз етеді»- деп бұл туралы «QOLDAU» білім беру ұйымдарының Қамқоршылық кеңесі қоғамдық бірлестігінің Директоры Фарида Райымжанова хабарлады.

Жоба аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Осылайша еліміздің барлық аймақтарында Қамқоршылық кеңестер мен мүдделі тұлғалар үшін тегін онлайн тренингтер өткізетін болады. Тәлімгерлер пулының біліктілік іріктеу кезеңін өткізу, сонымен қатар оларды «Тәлімгерлік платформасы» бағдарламасы бойынша оқыту. Бұл іс-шара аясында тәлімгер -тәлім алушы қарым қатынасын құрып, жастар мен тәрбиеленушілерге арналған «Менің ересек өміріме жол» атты білім беру бағдарламалары іске асырылады. Сонымен қатар, мектептердің, колледждердің және жоғарғы оқу орындарының үдерісінде «Тәлімгерлік» иниститутын дамытуға бағытталған әдістемелік ұсыныстар әзірленеді.

Тәлімгерлердің ұсынуымен, балалар мен тәрбиеленушілердің жеке өтініші бойынша, өмірдің әртүрлі салалары бойынша белгілі бір нәтижелі жауап алу үшін: психологтардан, заңгерлерден, түрлі жаттықтырушылардан тегін кеңес алуы- жобадағы ең маңызды орынды алады.

Жоба «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.


Соңғы жаңалықтар