Білім саласында басқарушы кадрлар жетіспейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айлықтың төмендігіне байланысты білім саласында басқарушы кадрлар жетіспейтінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Білім жүйесін қаржыландыру саласына да қазір айтарлықтай өзгерістер енгізіліп жатыр. Сіздің (Мемлекет басшысына) Тамыз кеңесінде берген тапсырмаңыздың аясында білім жүйесін басқарудың моделі трансформацияға ұшырауда. Бірінші рет мектептер мен балабақшалардың директорларын, директорлардың орынбасарларын аттестаттаудан өткізіп, емтихан қорытындысы бойынша оларға тиісті санат беріледі. Сол санатқа байланысты 100 пайыздық еңбекақы көлемінде үстемеақы беріледі», - деді Асхат Аймағамбетов Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Министрдің айтуынша қазір білім саласында басқарушы кадрлардың жетіспеушілігі сезіледі.

«Себебі мектептің директоры немесе орынбасары мұғалімнен қарағанда едәуір аз ақша алады. Ал айналып келгенде оларға түсетін жұмыс жүктемесі өте ауыр. Сол себепті осындай шараларды жүзеге асырамыз», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар