Білім саласы роботпен бәсекелесуге мүмкіндік бере ме

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жасанды интеллект қызметкерлерді ғана емес, тіпті, салаларды да алмастыра алатын уақыт келе жатқандықтан, маман даярлау саласын өзгерту керек пе? ВВС басылымында жарияланған мақалада автор осы сұраққа жауап іздеп көріпті.

«Жасанды интеллектінің пайдасы артып, қолданылу аясы кеңейіп жатыр. Бұл бүкіл әлем бойынша жұмыс орнынан айырылып қалуға алаңдайтындар қатарын арттырды. Автоматтандыру мансапқа қалай әсер ете алады? Pew Research зерттеуіне сенсек, дамыған он мемлекеттегі қызметкерлердің көпшілігі олардың орнын алдағы елу жылда компьютер алмастыратынына сенімді екен. McKinsey компаниясы ұсынған мәліметтерге сенсек, 2030 жылға қарай бүкіл әлем бойынша 800 миллион қызметкерді робот алмастырады», - дей келе автор білім беру саласы роботпен бәсекелесуге мүмкіндік бере ала ма деген сұраққа жауап іздейді.

«Мамандардың айтуынша, мамандық өзгерсе де, үнемі жаңа қабілеттерді меңгеруді қажет ететін болады. Сол себепті білім беру саласын түбегейлі өзгерту керек. Болашақ мамандықтарда үш аспект болады. Біріншіден, техникалық қабілет, яғни, компьютермен жұмыс істеуге икем қажет. Екіншіден, мәліметтермен жұмыс істеу қабілеті. Үшіншіден, адамның компьютердің қолынан келмейтін қабілеттері. Міне, осы үшеуіне баса назар аудару керек», - дейді автор.

Бүкіләлемдік экономикалық форум мәліметтеріне сенсек, автоматтандыру кесірінен бухгалтерлік есеп секілді мамандық жойылады.

«Өзгерістердің жоғары жылдамдығынан тек жамандық көруге болмайды. Бір жақсысы, бұл өзгерістер үйде отырып жұмыс істеу мүмкіндігін арттырады. Бұл университеттердің үздіксіз білім беруге дайындалуы керектігін көрсетеді», - деп жазады автор.

Соңғы жаңалықтар