+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Білім министрі жаңа әліпбиде жазылған оқулықтар қашан шығарылатынын айтты

2019 жылғы 5 желтоқсан 13:22
Бөлісіңіз:
Білім министрі жаңа әліпбиде жазылған оқулықтар қашан шығарылатынын айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім саласында қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру үрдісі туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.

Ұқсас жаңалықтар
ҚР Президенті 2021 жылғы қаңтарда мұғалімдердің жалақысын 25%-ға арттыруды қамтамасыз етуді тапсырды Биылғы оқу жылы студенттер үшін қалай басталады БҚО-да 90 мыңнан астам оқушыға қашықтан білім берілмекші

«Қанатқақты жобаның мақсаты тиісті нәтиже алуға негізделген. Қазіргі кезде Мәдениет министрлігіне осы бағытта пысықтау шараларын жүргізу туралы тапсырма берілді. Яғни ережелер бекітілгеннен кейін, біз қажетті жұмыстарды іске асырамыз», - деп тоқталды министр.

Осы орайда латын графикасындағы жаңа әліпбиге көшу процесі ұзақ екенін атап өтті.

«Бүгінде бұл бағытта тиісті жетілдіру жұмыстарын жүргізу туралы Президенттің тапсырмасы бар. Әзірге, жан-жақты пысықталған әрі бекітілген нұсқасы жоқ, сондықтан 2020 жылы мектепте латын графикасындағы әліпбимен оқытылады деп айта алмаймыз. Бұл бағыттағы жұмыстар тиісті уақытты қажет етеді. Алдымен ережелерді бекіту керек, кейіннен қанатқақты жоба жүргізіледі. Тек осыдан кейін ғана біз қажетті дайындықты жүргіземіз. Осы шаралар атқарылғаннан соң, оқу-әдістемелік құралдар мен оқулықтар әзірленеді», - деді Аймағамбетов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT