+7 (701) 759 90 19
USD 410.70 EUR 465.28
RUB 5.80 CNY 58.81
Jańalyqtar

Білім министрі: Карантин кезінде мұғалімдер жаңа кәсіпті меңгерді

2020 жылғы 25 мамыр 16:25
Бөлісіңіз:
Білім министрі: Карантин кезінде мұғалімдер жаңа кәсіпті меңгерді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес, жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін бірқатар педагог «Ы. Алтынсарин» белгісімен марапатталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдықтар карантинге қарамастан үйлену тойы мен беташар өткізуде – Сапарбаев Өмірзақ Шөкеев өңірде қатаң карантин шараларын сақтау керектігін ескертті Энергетика саласында еңбек етсем деймін – Әміржан Армандиев

«Біз сіздерді Ы. Алтынсарин атындағы ведомстволық медальмен марапаттаймыз. Бүгінгі кездесуді онлайн режимде өткізгендіктен, марапаттау рәсімі де осыған сәйкес жүргізіледі. Кейіннен осы төсбелгілер марапатталған ұстаздарға тапсырылады», - деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн режимде мұғалімдердің қатысуымен өткен конференцияда.

Сонымен қатар министр телесабақтарды даярлауға белсенді қатысқан барлық мұғалімдер мен әдіскерлерге алғысын айтты.

«Сіздер ауқымды жұмыс атқардыңыздар. Қазір тележұлдызға айналдыңыздар, яғни қысқа мерзімде жаңа кәсіпті меңгеріп шықтыңыздар. Біздің мұғалімдер бір аптаның ішінде тележүргізушілікті меңгеріп, осы мамандықтың қыр-сырын үйренді. Үш мыңнан астам телесабақ дайындалды», - деді А. Аймағамбетов.

Бұдан бөлек, Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік даму жолында қол жеткізген табыстары мен гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін құрмет грамотасымен 120 педагог пен 104 әдіскер марапатталады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT