Білім министрі: Әліппеге қатысты жұмыс тобы құрылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігі әліппеге қатысты арнайы жұмыс тобын құрды. Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әліппеге қатысты мәселе көптен бері көтеріліп жүр. Бұл шын мәніне өте маңызды. Биыл тамыз кеңесінде осы мәселеге жеке тоқталдық. Қазір тиісті жұмыс тобы құрылды. Біздің айтып отырғанымыз, әліппені мектепке енгізу керек және онда ешқандай эксперимент керек емес. Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі бар, сол әдістемеден басқа ештеңе ойлап табу қажет емес», - деді министр Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдардағы бағдарламаның іске асырылуын талқылау барысында.

Сонымен қатар А.Аймағамбетов оқулықтарды даярлау, талдау шараларына сын айтылып жатқанын атап өтті. Осы мәселелерді шешу үшін қазіргі уақытта ҚР Білім және ғылым министрлігі оқулықтардың сапасын жақсарту және сараптау тетігін жаңарту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Сондай-ақ авторлар мен сарапшыларды оқыту, оқулықтарға «жасырын» шолу жасау, сарапшыларды сертификаттау ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар