Білім беру жүйесін дамыту үшін нақты шешімдер қабылдау керек - Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім беру жүйесін дамыту үшін нақты шешімдер қабылдау керек. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барлық азаматтарға бірдей мүмкіндік беру тұтас қоғам дамуының кепілі. Бұл ұстаным әсіресе білім саласы үшін өте маңызды. Шын мәнінде білім беру мәселелері әрқайсымызды толғандырады. Соңғы жылдары біз білім беру жүйесін дамытудың басты бағыттарын, жолдары мен негізгі көрсетіштерін айқындадық. Енді нақты шешімдер қабылдауымыз керек», - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы жалпы білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияның рөлі айрықша екендігін баса айтты.

«Бұл әсіресе індет кезінде анық байқалды», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салсақ, бұған дейін Ұлттық кеңестің бесінші отырысы ақпанда өтетіндігін хабарлаған болатынбыз. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында ротация жасалды. Жаңартылған Мәжіліс құрамында Ұлттық кеңестің 9 мүшесі бар. _Өткен жылы 22 қазанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысы, ал 2019 жылы 6 қыркүйекте алғашқы отырысы болды.
Соңғы жаңалықтар