Білім беру ұйымдарындағы буллинг деректері елеусіз қалып отыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім беру ұйымдарындағы буллинг деректері елеусіз қалып отыр. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі бірінші Бибігүл Асылова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тәжірибе көрсетіп отырғандай, білім беру ұйымдарындағы буллинг деректері ешқайда тіркелмейді және елеусіз қалады. Қатігездіктің ерекше түрлі қолданылып, қоғамда ашу-ыза туғызған, кеңінен жария болған жекелеген жағдайлар бар. Бірақ, әдетте оқу орнының әкімшілігі буллингті тыю және одан ары болдырмау үшін тиісті іс-шаралар қабылдамайды. Педагогтар буллингке ұшыраған балалармен орын алған жайтты талқылауға, жанжалдасушы тараптарды татуластыруға тырысады. Жәбірлеушіге тәртіптік іс-шара қолданылып, зардап шегушіні әлеуметтік педагогке немесе психологқа жібереді. Бұл ретте басшы да, оқытушы да, психолог та барлық уақытта буллинге ұшырағандарға тиімді көмек көрсетуге дағдыланбаған», - деді Бибігүл Асылова Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Оның айтуынша, проблеманың ауқымды әрі күрделі екендігіне қарамастан білім беру жүйесінде буллингтің алдын алуға және оны жоюға үлкен мүмкіндік бар.

«Көптеген елдің тәжірибесі білім беру ұйымдарындағы буллингке тиімді қарсы тұруға білім беру процесінің барлық қатысушыларына кешенді әрі жүйелі әсер етуге бағытталған нормативтік актілерді әзірлеу және қабылдау септігін тигізетіндігін көрсетіп отыр. Алайда, қолданыстағы заңнамада буллинг түсінігі қарастырылмаған. Осыған байланысты Білім министрлігі балалар құқығын қорғау саласындағы өкілетті орган ретінде Парламент депутаттарының буллинг терминологиясын айқындайтын және БҒМ-ның білім процесіндегі буллингтің алдын алу жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеудегі құзыретін кеңейту жөніндегі заңнамалық бастамаларын қолдайды», - деді Бибігүл Асылова.


Соңғы жаңалықтар