+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Бибігүл Жексенбай «Бас редакторлар клубының» басшысы болып сайланды

2020 жылғы 12 ақпан 22:31
Бөлісіңіз:
Бибігүл Жексенбай «Бас редакторлар клубының» басшысы болып сайланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті болып белгілі медиаменеджер Бибігүл Жексенбай сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұйымның атқарушы директоры Әсем Еселбаеваға сілтемемен.

«Бүгін «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің есеп беру - сайлау конференциясында бірлестік президенті мен басқарма мүшелерінің жаңа құрамы сайланды. Клуб президенті ретінде Қазақстан журналистикасы академиясының академигі, белгілі медиаменеджер Бибігүл Жексенбай кандидатурасы бірауыздан қолдау тапты. Бұған дейін бұл қызметті атқарған Ерлан Бекхожин президенттіктен ұйымның жарғысына сәйкес, өкілеттілігінің мерзімі аяқталуына байланысты босатылды» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, хабарламада Бас редакторлар клубының мүшелері бірлестіктің вице-президенттерін бірауыздан сайлағаны айтылады. Олардың ішінде – «Әділет.Рухани жаңғыру» республикалық газетінің бас редакторы Мұратбек Тоқтағазин, «Sakhara» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторының бірінші орынбасары Кенжеболат Жолдыбай, «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Вячеслав Пащенко, «Sport»-«Спорт» республикалық газетінің бас редакторы Дүйсебай Дүрәлі, белгілі блогер Ғалым Байтұқ бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: БАҚ, Қоғам, Сайлау,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT