+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

БҒМ жоғары оқу орындарының академиялық дербестігін одан әрі кеңейтеді

2020 жылғы 22 қыркүйек 14:05
Бөлісіңіз:
БҒМ жоғары оқу орындарының академиялық дербестігін одан әрі кеңейтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов жоғары оқу орындарының академиялық-басқарушылық дербестігін күшейтуге бағытталған шараларды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте тағы бір университет негізгі лицензиясынан айырылды Жоғары білім беру жүйесіндегі негізгі екі проблема қандай

«Бүгінгі таңда негізінен төрт субъект жоғары оқу орындарынан ақпаратты сұрай алады. Олар - жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім департаменті, Болон процесінің орталығы, ақпарат-аналитика орталығы және халықаралық бағдарламалар орталығы. Осыған байланысты Ұлттық білім беру туралы мәліметтер базасынан автоматты түрде алуға болатын ақпараттарды ЖОО-лардан сұратуға тыйым салуды ұсынамыз. Яғни ведомствоішілік ұйымдарымыз ашық ақпарат көзінде бар мәліметті сұратпауы тиіс», - деді Мирас Дәуленов Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиынында.

Вице-министрдің айтуынша, екіншіден Болон процесінің орталығы, ақпарат-аналитика орталығы және халықаралық бағдарламалар орталығы ЖОО жұмысына қатысты ақпараттарды жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім департаменті арқылы ғана ала алатындай жүйе орнатылуы тиіс.

«Сондай-ақ жеке бастама бойынша сұраухат жолдауға тыйым салу керек. Яғни департамент сұратқан әрбір сұраныстың негізі болғаны дұрыс. Мәселен сұраныспен бірге министрдің немесе вице-министрдің бұйрығына сілтемемен ғана сұранысты жіберуге болатындай ету керек. Осының бәрі де жоғары оқу орындарының академиялық-басқарушылық дербестігін күшейтуге бағытталған», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT