БҒМ қосымша білім алуға арналған платформалардың тізімін жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми Telegram каналы балаларға қашықтан қосымша білім беруге арналған платформалардың тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрлік мәліметіне сәйкес, COVID-19 індетіне байланысты жарияланған карантин кезінде балаларға қашықтан қосымша білім алуға арналған платформалардың тізімі мынадай:

- Алматы қаласының Оқушылар сарайының бағдарламалары қашықтан оқу форматында қолжетімді. Оқу Zoom технологиясының базасында тұр;

- Қазақстан Ұлттық электронды кітапханасынан көптеген туындыны/мақаланы/жұмыстарды/газеттер мен журналдарды тауып алуға болады. Сілтеме: https:kazneb.kz;

- Қазақ тілін өздігінен оқып-үйренуге арналған материалдар мында қолжетімді;

- KazTub онлайн-кинотеатры тегін жұмыс істей бастады. Онда отандық 100-ге тарта фильмді көруге болады. 20 мультсериалы бар Kaztube.balapan блогын да тамашалаңыз;

- Coursera студенттерге 3 800 онлайн-курсты ашты: https:coursera.org;

- ҰБТ-ға, қорытынды аттестатқа дайындалуға арналған онлайн-жаттығу жұмыс істеп тұр. Сілтеме - https://itest.kz/ru;

- «Филин» - иллюстрациялық жануарлар энциклопедиясы: https://www.filin.vn.ua/index.html


Соңғы жаңалықтар