+7 (701) 759 90 19
USD 424.49 EUR 504.51
RUB 5.59 CNY 64.57
Jańalyqtar

БҒМ ғылыми жетекшілерді іріктеу критерийін қарастыра ма

2020 жылғы 31 тамыз 11:58
Бөлісіңіз:
БҒМ ғылыми жетекшілерді іріктеу критерийін қарастыра ма

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігі ғылыми жетекшілерді іріктеу критерийлерін өзгерту бойынша депутаттардың ұсынысын қарастырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бәйдібек ауданындағы ауыл мектебіне 2 «BILIMBook» тақтасы мен 50 компьютер табысталды Минскте әл-Фараби атындағы қазақ сыныбы ашылды Ақмолалық оқушы мен оның бауыры әлемнің үздік балаларының тізіміне енді

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Сіздің 2020 -2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми -техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурстық құжаттамада ғылыми жетекшілерге қойылатын талаптарға қатысты өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлайды. «Ғылым туралы» Заңның 17-бабының 2 -тармағына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми -техникалық қызметті басқару ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдаудың экономикалық тиімділігі мен нәтижелілігі қағидаттарына негізделеді», - деп жазды ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дауленов депутаттық сауалға.

Осыған байланысты, оның айтуынша Министрлік өз құзыреті шеңберінде гранттық және бағдарламалық -нысаналы қаржыландыру шеңберінде іске асырылған ғылыми зерттеулерді талдау нәтижелерін ескере отырып, гранттық қаржыландыру жобаларының ғылыми жетекшілеріне қойылатын талаптарды күшейткен.

«Сондай -ақ Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 -2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында негізгі нысаналы индикатор ретінде Web of Science (Clarivate Analytics) және Scopus (Elsevier) платформасындағы ақпараттық ресурстардың деректері бойынша рейтингтік басылымдарда жарияланымдар пайдаланылады. Отандық ғалымдардың халықаралық журналдардағы жарияланым белсенділігі жоғарыда аталған индикаторға қол жеткізу және еліміздің жетекші әлемдік рейтингтердегі орнын анықтау үшін қажет. Бұл ретте, 2020 жылғы 27 мамырдағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы барысында Мемлекет басшысы ел экономикасының нақты секторының қажеттіліктеріне бағытталған ғылыми жұмыстар мен зерттеулерді қаржыландыру мақсатында әлеуметтік-экономикалық, өндірістік және техникалық қайтарымы бар әрбір ғылыми жобадан нақты нәтижелерге қол жеткізу қажеттігін атап өтті», - деп жазды вице-министр.

«Сонымен бірге, Сіздердің ұсыныстарыңыз 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған алдағы конкурсқа конкурстық құжаттаманы әзірлеу кезінде қарастырылатынын хабарлаймыз», - деді ол.

Бұған дейін Парламент Мәжілісінің депутаттары Білім және ғылым министрінің атына сауал жолдаған болатын, онда бірқатар бағыттар бойынша ғылыми жетекшілерді іріктеу критерийлерін күшейту ұсынылды. Авторы: Азамат Сыздықбаев


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT