Бейжіңде Ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-қытай комитетінің бесінші отырысы өтеді

None
None
АСТАНА. Қарашаның 28-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Желтоқсанның 4-інде Бейжіңде Ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-қытай комитетінің бесінші отырысы өтеді.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров баспасөз мәлихаты барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, келіссөздер барысында Қазақстан делегациясын Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев, ал қытай тарапын Мемлекеттік кеңес премьерінің орынбасары Ван Цишань басқарады.

Отырыс барысында тараптар қауіпсіздік, энергетика, жер асты байлықтарын пайдалану, транспорт, қаржы салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстардың ұлғайтуын қарастырады.

«Комитет шеңберінде алғаш рет трансшекаралық өзендерді күзету мен пайдалану саласында ынтымақтастық мәселесі талқыланады», деді баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-қытай комитетінің құрамына 10-ға жуық комитет бөлімшелері және трансшекаралық өзендерді күзету мен пайдалану жөніндегі қазақстан-қытай біріккен комиссиясы кіреді. Комитет отырыстары екі жылда кемінде  бір рет өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар