Бейжіңде медициналық масканың бағасын көтерген дәріхана 3 млн юань айыппұл төлейді

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Бейжіңдегі Jimin Kangtai дәріханасы қорғаныс маскаларының бағасын өсіргені үшін 3 млн юань (434,5 мың доллар) айыппұл төлейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қытай астанасының нарықты бақылау және реттеу муниципалдық басқармасына сілтеме жасап.

Бұл дәріхана қорғаныс маскасының бағасын алты есеге көтерген. 23 қаңтардан бастап Бейжіңдегі сауда орындарында баға саясатын бұзуды және маскалар, дезинфекциялау құралдары мен дәрі-дәрмектер бағасын көтеруді анықтау мақсатында тексеру жүріп жатыр.

31 іс қозғалып, билік сейсенбі күні материалды өндіріске енгізді. Заңбұзушылық фактілері туралы билікке хабарлау үшін шұғыл желілер ашылды. Бейжіңдегі дүкендер мен дәріханаларда маскалар мен вирусқа қарсы құралдар өткен аптадан бері біте бастады.



Автор: Руслан Сүлейменов


Соңғы жаңалықтар