Бейжіңде «Қытай мен Ирандағы шытырман оқиғалар» жарық көрді - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

None
None
Нұр-Сұлтан. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Қытайда ұлттық спорттан аз ұлттардың чемпионаты өтуде - «Тяньшаньнет»

Қытайдағы аз санды ұлттардың ұлттық спорт түрлерінен мемлекеттік XI чемпионаты 8 қыркүйекте Жыңжоу қаласында басталды. Аталмыш чемпионат 16 шілдеге дейін жалғасады.

Бұл туралы осы аптада «Тяньшаньнет» ақпараттық порталы хабарлады.

«Шынжаң уәкілдер үйірмесіндегі 13 ұлттан құралған 119 спортшы бұқаралық негізге ие 8 түрлі жарыста бақтарын сынамақ. Мұндағы 5 жарыс түрі: сайыскерлік, алтыбақан, жаяу тартыс, ұлттық күрестер, ұлттық дене шынықтыру гимнастикасы. Ал, 3 ойын көрсету түрі: дауаз(арқанның үстінен жүретін әуе акробатикасы), сарғайди (кеңістіктегі айналмалы шығырық), марра добы. Осы кезекті ұлттық спорт жарысына 34 уәкілдер үйірмесі жүлдеге таласады. Қытайдағы 56 ұлттан шамамен 7000 спортшы 17 жарыс түріне, 194-ы ойын көрсету түріне қатынасады. Бұл жолғы чемпионаттың ат үстіндегі спорт түрлерінің жарысы 2019 жылы 7-12 шілде аралығында Ішкі Моңғол автономиялы өлкесінің Хоххот қаласында өткізілген болатын» деп жазады қытайлық БАҚ.

Үйлері баспалдақ тәрізді салынған ауыл - «Фарс» ақпарат агенттігі

Иранда басқа әлемнің ешбір елінен кездеспейтін ғажайыптар көп. Солардың бірі Кухранг қаласы Чахормахал Бахтиари облысының орталығы Шаһркүрд қаласынан 85 км жерде орналасқан. Бұл қалада Заяндеруд жуне Қарун өзеңдері ағады. Кухранг аймағында «Масуле-Загрос» атауымен танымал болған әдемі және туристерді қызықтыратын Сарақасид ауылы бар. Бұл ауылдың үйлері баспалдақ тәрізді салынған. Жылдың әртүрлі кезеңдерінде бұл ауылда көптеген туристер келеді. Аталған ауылдан жаз мерзіміндегі аптап ыстықта, қыстан қалған қасат қарды да көруге болады екен.

Бұл туралы осы аптада parstoday ақпараттық порталында хабарланған болатын.

Шынжаңда қазақ малшылары күзеулікке көшті - «Жэньминь жибао» (People Daily)

Шынжаңда қазақ малшылары ен жайлауды жайлап болған соң, күзеулікке қоныс аударады. Мыңғырған малын айдап көшкен бақташылардың көрінісін Қытайлық басылымдар жыл сайын назардан тыс қалдырмайды. Сол дәстүрді бұл жолы People Daily ақпараттық порталы жалғастырыпты.

«Қоңыр салқын күз белгі бере бастасымен, Шынжаңның Құлжа ауданы Турасу жайлауындағы қазақ малшылар әсем жайлауға қош айтып, күзеулікке бет түзеді. Сөйтіп, өздерінің тағы бір құтты қоныстарына келіп қонбақ. Ғасырлардың куәсі болған көш жолындағы үйір-үйір жылқы, қора-қора қой мен сиырлар малшылардың көшіндегі әсем де айбынды суреттерін қалыптастырды» деп жазады Жэньминь жибао басылымы.

Қолтырауындарды экспорттайтын ферма - «Фарс» ақпарат агенттігі

Иранның батысындағы қолтырауын фермасы Хамедан қаласынан 70 шақырым жердегі Малайерде экономикалық және туристерді тарту мақсатпен ашылған болатын. Parstoday ақпарат агенттігінің мәліметінше, Бұл ферма 600 қолтырауынды бағып өсіру мүмкіндігіне ие. Осы кезде фермада аустралиялық 53 қолтырауынды көруге болады. Малайер фермасының қолтырауындары Шығыс Азия, Оңтүстік Америка және Еуропа елдеріне экспортталады.

Бейжіңде «Қытай мен Ирандағы шытырман оқиғалар» жарық көрді - ca-irnews

Өткен Бейсенбі күні Бейжіңде «Қытай мен Ирандағы шытырман оқиғалар» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл туралы «ca-irnews » ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кітапта 29 Иран мен Қытай азаматтарының жұмысы, өмірі, тәжірибелері мен оқулары туралы жазылған мақалалары мен естеліктерінің жиынтығы қамтылған. Бұл кітаптың тұсаукесер рәсіміне Иран Ислам Республикасының Қытайдағы елшісі Мохаммад Кешаварз-Заде, Ирандағы Қытайдың бұрынғы елшілері және Иран Ислам Республикасының Бейжіңдегі Құрлықаралық басылымдардың жетекшісі қатысқан. Қытайдағы Иран Ислам Республикасының мәдени кеңесшісі Аббас Әли Вафаи аталған кітаптың тұсаукесерінде, екі елдің қазіргі белсенді қарым-қатынасы туралы пікірін білдірген. «Осыдан 10-20 жыл бұрын қытай тілін жетік білетін және аударма жасай алатын ирандықты табу қиын болды, бірақ бүгінде екі елдің мәдени күш-жігерінің нәтижесінде қытай тілін үйренетін ирандықтардың саны артып келеді», - деді мәдени кеңесші.

Ирандық басылымның мәліметінше, қазіргі таңда Қытайдың 7 университетінде парсы тілі оқытылуда екен.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы автобус бағыттарының саны тағыда артты - «ӨзА» ақпараттық агенттігі

Өзбекстанның Транспорт министрлігінің қасындағы «Uzavtotrans Service» компаниясы Қазақстанның түрлі облыстарына сапарға шығатын Ташкент облысы аудандарының тұрғындарына қолайлық жарату мақсатында 13-ші қыркүйектен бастап «Ангрен-Алматы» «Шыршық-Алматы», «Шыршық-Шымкент» бағыттарына тұрақты рейсті қатынауды жолға қояды, деп хабарлайды uza.uz ақпараттық порталы.

Аталған ақпарат көзінінің мәліметіне сүйенсек, жол қашықтығы 918 шақырым болған «Ангрен-Алматы» бағытының белет бағасы 120 мың сум болып белгіленіп, автобустар Ангреннен 16:00, 17:00, 18:00 де жүруді бастайды. «Шыршық-Алматы» бағытының белет бағасы 100 мың сум болып белгіленген. Осы жол бағытының қашықтығы 818 шақырымды құрайды. Автобустар қатынауы 17:00 мен 18:00 де басталады. Ал «Шыршық-Шымкент» бағыттарына автобустар қатынауы күнделікті 09:00, 11:00, 13:00, 15:00,17:00 аралығында болады. Жол ақысы 35 мың сум. Осыған дейін, Ташкенттен Қазақстанның Түркістан, Қызылода, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларына тұрақты түрде автобустар қатнауы жолға қойылған еді.

Өзбекстанда жаңа агенттік құрылды - «ӨзА» ақпараттық агенттігі

Өзбекстан Республикасы Президентінің 2019 жыл 9 қыркүйектегі «Өзбекстан Республикасы Министрлер Мекемесінің жанындағы Президент, шығармашылық және арнайы мамандандырылған мектептерді өркендету агенттігін құру туралы» 5815, санды жарлығы жарияланды, деп хабарлайды uza.uz ақпараттық порталы.

«Мемлекет басшысының жарлығына сай жаңадан құрылған, «Президент, шығармашылық және арнайы мамандандырылған мектептерді өркендету агенттігінің» негізгі міндеттері жайлы Президент жарлығында, шығармашылық және мамандандырылған арнайы мектептерде талантты жастарды анықтау, оларды іріктеу. Сондай-ақ, оқыту және тәрбиелеу саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және мемлекеттік білім стандарттарын бекіту болып табылатыны жайлы айтылған...

Өзбекстан Республикасы Президенті Ш.Мирзияевтың арнайы бұйрығымен, жоғарыдағы жарлықтың орындалу тәртібін қадағалауды Өзбекстанның Премьер-министріне, Өзбекстан Президентінің кеңесшісіне және Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасарына жүктетілгенін айтады өзбекстандық БАҚ.

Соңғы жаңалықтар