Бейжіңде ҚР Тұңғыш Президенті күні аталып өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚХР-дағы ҚР Елшілігі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні құрметіне орай қазақстандық дипломаттар мен ұлттық компаниялар қызметкерлерінің мектеп жасындағы балаларының салтанатты мерекесі болып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның Әнұраны орындалғаннан кейін жас жеткіншектер Отан мен Тұңғыш Президент жайлы өлең оқыды.

Жас қазақстандықтар Қазақстанның XXI ғасырындағы жетістіктері мен жеңістеріне арналған шығармашылық жұмыстарын көрсетті.

Кеш «Қазақ елі» толықметражды тарихи мультфильмін көрсетумен аяқталды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай Бейжіңде мультипликациялық шығармашылық патриоттық фильмдерді көрсету – жыл сайынғы дәстүрге айналған. Өткен жылы дәл осы дәстүр бойынша балаларға «Балалық шағымның аспаны» фильмі көрсетілсе, 2017 жылы жас жеткіншектер «Ер Төстік пен Айдаһар» анимациялы фильмін тамашалаған.

Айта кетерлігі, желтоқсан айының басында Бейжіңде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні құрметіне орай «Балдырған» даму орталығы ашылады.

Руслан Сүлейменов

Соңғы жаңалықтар