Бейжіңде Домбыра күні тойланды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бүгін Бейжіңде тұратын қазақстандықтар Домбыра күнін тойлады, деп хабарлайды ҚазАқпараттың Қытайдағы меншікті тілшісі.

Мерекелік шараны Қазақстан Республикасының Қытайдағы Елшілігі «Балдырған» балаларды дамыту орталығымен бірге ұйымдастырды.

Студенттер - Саят Ешматов пен Думан Көшербай Құрманғазы күйлері мен Нұрғиса Тілендиевтің туындыларын домбырамен орындады, жеті жасар Айқын Тәттібай «Мұғалім» композициясымен тәнті етті.nullnull

«Ұлттық домбыра күні - қазақ мәдениетінің өзегі болған домбыраны қастерлеудің белгісі. Белгілі ақын Қадыр Мырзалиев айтпақшы, «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра», - дейді Бейжіңнің Екінші шет тілдері институтының 2-курс студенті С. Ешматов.

nullnull

Автор: Садық Әкежанов

Соңғы жаңалықтар