Бейжіңде алғаш рет COVID-19-дың британиялық штамы анықталды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Бейжіңде COVID-19 инфекциясының британиялық штамын жұқтырудың алғашқы жағдайлары анықталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі елордалық ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Бейжіңдегі ауруларды бақылау және алдын алу орталығының өкілдерінің айтуынша, коронавирустың екі жағдайын талдап, олар Ұлыбританияда табылған штамға жатады деген шешімге келді.

COVID-19 инфекциясының екі жағдайы Бейжіңнің ең ірі халықаралық әуежайы орналасқан Дасин ауданында анықталды. Билік өткен жылдың 10 желтоқсанынан кейін Бейжіңге шетелден немесе Қытайдың басқа аймақтарынан келген барлық адамдарды тексереді.

Бейжің әкімшілігі, сондай-ақ, Дасин ауданының тұрғындарына COVID-19 жаңа жағдайларының анықталуына байланысты қаладан шығуға тыйым салды.

Бейжіңде эпидемиялық жағдайдың нашарлауына байланысты балабақшаларды 21 қаңтардан бастап жабу және барлық оқушыларды 23 қаңтардан бастап онлайн оқыту көшіру туралы шешім қабылданды.


Соңғы жаңалықтар